САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ЖАҢА ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕР САЛЫНЫП ЖАТЫР


Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласын қолдау, ветеринариялық қызметтің сапасын арттыру және мал шаруашылығының тұрақты дамуына қажетті жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.

Осы мақсатта аудан аумағындағы бірқатар ауылдық округтерде жаңа ветеринариялық бекеттердің құрылысы жүргізіліп, сала инфрақұрылымын жетілдіруге бағытталған шаралар қолға алынған.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округінде салынып жатқан ветеринариялық бекет нысанына барып, құрылыс жұмыстарының орындалу барысымен танысты.

Аудан басшысы нысанды аралау кезінде атқарылып жатқан жұмыстардың сапасын бағалап, құрылыс барысына жауапты мамандардың есебін тыңдады. Сонымен қатар, құрылыс жұмыстарын белгіленген талаптарға сай жүргізу, сапаны сақтау және нысанды уақытылы пайдалануға беру жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда ветеринариялық бекет ғимаратында сыртқы қаптау және ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілген. Құрылыс жұмыстары толық аяқталғаннан кейін нысан қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіліп, ауыл тұрғындарына ветеринариялық қызмет көрсету үшін пайдалануға беріледі.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі