САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА «РАМАДАН» КАНАЛЫНДА МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

САРЫАҒАШ ҚАЛАСЫНДА «РАМАДАН» КАНАЛЫНДА МЕХАНИКАЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ


Сарыағаш қаласында инженерлік инфрақұрылым нысандарын күтіп ұстау және каналдардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету мақсатында Аубакиров көшесі бойындағы «Рамадан» каналының 1400 метрлік бөлігінде механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді.

Жұмыстар барысында канал арнасында жиналған лай, шөгінділер, тұрмыстық қалдықтар және су ағысының қалыпты жүруіне кедергі келтіретін бөгеттер арнайы техниканың көмегімен тазартылды. Нәтижесінде каналдың су өткізу қабілеті жақсартылып, су қозғалысы қалпына келтірілді.

Аталған жұмыстар елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға, су басу қаупінің алдын алуға және ирригациялық жүйелердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мақсаттағы тазалау және қалпына келтіру жұмыстары аудан аумағында кезең-кезеңімен жалғасып, тиісті бақылауда болады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі