САРЫАҒАШ: ӘРБІР МӘСЕЛЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ҚАРАЛАДЫ

САРЫАҒАШ: ӘРБІР МӘСЕЛЕ ЗАҢ АЯСЫНДА ҚАРАЛАДЫ


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Ашық форматта өткен қабылдауға 43 тұрғын қатысып, мәселелерді жеткізді.

Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары, тиісті мекемелер мен салалық бөлімдердің мамандары қатысып, тұрғындардың сауалдарына заң талаптарына сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй, жер қатынастары мәселелері, әлеуметтік көмек және өзге де жеке сипаттағы мәселелер бойынша өтініштерін жеткізді. Әрбір мәселе жан-жақты зерделеніп, қолданыстағы заңнама аясында шешу жолдары қарастырылды. Жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріліп, орындалуы бақылауға алынатын хаттамалық тапсырмалар рәсімделді. Заң аясында шешілуі мүмкін мәселелер бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетін болса, қосымша зерделеуді қажет ететін өтініштер бойынша тұрғындарға заң талаптарына сәйкес түсіндірмелер берілді.

Аудан әкімі тұрғындардың өтініштері жергілікті атқарушы органдар қызметінің басты назарында екенін атап өтіп, әрбір айтылған мәселе заң талаптарына сәйкес қаралып, мүмкіндігінше оң шешімін табуы үшін жүйелі жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу аудан әкімдігі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар азаматтар eGov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы немесе аудан әкімдігіне жазбаша өтініш жолдау арқылы да қабылдауға тіркеле алады. Қосымша ақпаратты +7 (72537) 7-97-13 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі