Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Ақжар ауылдық округіне барып, №28 Абылай хан атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратында жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысын тексерді.
Аудан басшысы нысанды аралау кезінде жөндеу жұмыстарының орындалу барысымен танысып, олардың сапасына, жұмыс қарқынына және белгіленген талаптардың сақталуына баса назар аударды.
Қазіргі таңда №28 Абылай хан атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар толық аяқталғаннан кейін мектептің оқу процесін ұйымдастыруға қолайлы жағдай жасалып, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі