САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ШЕКАРАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ

САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ШЕКАРАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
САРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ШЕКАРАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫСАРЫАҒАШ АУДАНЫНДА ШЕКАРАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ҚАРАЛДЫ
Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ерлан Тұғжанов Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен келіп, аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге Қазақстан–Өзбекстан мемлекеттік шекарасындағы «Қапланбек», «Қазығұрт» және құрылысы жүріп жатқан «Жібек жолы» өткізу пункттерінің жұмысымен танысты.
Жұмыс сапарының мақсаты – мемлекеттік шекарадағы ахуалды зерделеу, өткізу рәсімдерін жетілдіру, көлік қозғалысын ұйымдастыру және шекара маңы инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстардың барысын бағалау болды.
Сапар аясында Елші Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің, аумақтық мемлекеттік органдар мен жергілікті атқарушы органдардың өкілдерімен кездесу өткізді. Кездесуде өткізу пункттерінің өткізу қабілетін арттыру, жүк көліктерінің кедергісіз қозғалысын қамтамасыз ету, шекара маңындағы көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту және тасымалдаушылар үшін қолайлы жағдай жасау мәселелері талқыланды.
Жұмыс сапарының қорытындысында мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту, көлік инфрақұрылымын жетілдіру және азаматтар мен халықаралық тасымалдаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытындағы бірлескен жұмысты жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі