Сарыағаш ауданында өндіріс орындарын дамыту, кәсіпкерлік бастамаларды қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Осы мақсатта аудан аумағында салынып жатқан өндірістік парк жобасы кезең-кезеңімен іске асырылып келеді.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағында жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейін зерделеді.
Қазіргі таңда өндірістік парк аумағында орналасқан бес кәсіпкерлік нысанның құрылыс жұмыстары толық аяқталып, өндірістік желілерді орналастыру және қажетті құрал-жабдықтарды орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар кәсіпкерлік нысандардың тұрақты жұмыс істеуіне қажетті инженерлік инфрақұрылымдарды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар атқарылған.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі