САРЫАҒАШ: КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРГУІНДЕ КӘРІЗ ТАЗАЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА

САРЫАҒАШ: КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРГУІНДЕ КӘРІЗ ТАЗАЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ЖАЛҒАСУДА


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округінде кәріз тазалау кешенінің құрылыс жұмыстарының барысын пысықтады. Жауапты сала мамандары мен мердігер мекеме өкілдерімен бірге атқарылып жатқан жұмыстарды қарап, жобаның іске асырылу кезеңдерін талқылады. Аудан әкімі мердігер ұйымға құрылыс барысында сапа талаптарын қатаң сақтауды және нысанды белгіленген мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

Кәріз тазалау кешенінің құрылыс жұмыстарын «Сарыағаш Аман» ЖШС-і жүргізуде. Жоба аясында бүгінгі күнге дейін жалпы ұзындығы 6036 метр кәріз құбыры толық тартылып, бір кәріздік сорғы станциясы мен үш сарқынды су қабылдау камерасы орнатылды. Нысан аумағында ұзындығы 455 метр қоршау орнатылып, екі өрт сөндіру резервуарының құрылысы аяқталды. Операторлық ғимарат пен сарқынды суларды тазарту нысанының іргетасы қаланып, қабырғаларын тұрғызу жұмыстары жалғасуда. Бұдан бөлек, қажетті технологиялық жабдықтар жеткізіліп, орнату жұмыстары қолға алынған.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі