Сарығаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев кезектілік тәртібімен жазылған тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады. Тұрғындар тарапынан әлеуметтік, жер және жеке мәселелері бойынша сауалдар жолданды.
Аудан басшысы әр тұрғынның сауалдарына заң аясында жеке-жеке жауап беріп, әрбір мәселеге талқылау жасап, шешу жолдарын қарастырды. Жауапты сала басшыларына тиісті тапсырмалар берілді.
Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылуды Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы және Сарыағаш ауданы әкімі аппаратына келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.Қосымша мәлімет бойынша: + 7 (725 37)7-97-13
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі