САРЫАҒАШ: СУ АРНАЛАРЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА

САРЫАҒАШ: СУ АРНАЛАРЫНЫҢ ТАЗАЛЫҒЫ БАҚЫЛАУДА


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жемісті және Дербісек ауылдық округтері аумағындағы «57-тармақ» каналында жүргізіліп жатқан механикалық тазалау жұмыстарының барысымен танысып, атқарылып жатқан жұмыстардың сапасы мен қарқынын бақылады. «Су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысына механикалық тазалау жұмыстарын күшейтіп, арнайы техникалардың тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету, сондай-ақ жұмыстардың сапасын тұрақты бақылауда ұстау жөнінде нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі уақытта мекеме тарапынан арнайы техниканың көмегімен каналдың 130 метр бөлігі механикалық әдіспен тазартылды. Алдағы уақытта жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасып, каналдың толық су өткізу қабілетін қалпына келтіруге бағытталмақ.

Сарыағаш ауданында су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту және ирригациялық жүйелерді күтіп-ұстау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылып, олардың орындалу барысы аудан әкімдігінің тұрақты бақылауында болады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі