Түркістан облысы прокурорының орынбасары Абу-Али Саттардың төрағалығымен 2025 жылдың қорытындысы және 2026 жылдың өткен кезеңіндегі құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарының тиімділігіне арналған мәжіліс өтті.
Жиынға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Рысбек Асылбекұлы, аудан прокуроры Мақсат Мошқалов, Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастығы Досжан Нұсқабеков, аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің басшылары, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Мәжіліс барысында аудан прокуроры Мақсат Мошқалов өңірдегі құқық бұзушылықтардың жай-күйі, олардың туындау себептері мен алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасап, құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша қабылдануы тиіс шараларға тоқталды.
Күн тәртібіндегі келесі мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Алдияр Қозыбаев қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы, тұрғындармен жүргізіліп жатқан профилактикалық жұмыстар және тиісті мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы жөнінде ақпарат берді.
Сондай-ақ Сарыағаш аудандық полиция басқармасының бастығы Досжан Нұсқабеков құқық бұзушылықтардың алдын алу, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмысқа қарсы күрес және профилактикалық іс-шаралардың нәтижелері туралы баяндама жасады.
Мәжіліс қорытындысында Түркістан облысы прокурорының орынбасары Абу-Али Саттар құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытындағы жұмыстарды күшейту, мемлекеттік органдардың өзара үйлесімді іс-қимылын арттыру және профилактикалық шаралардың тиімділігін одан әрі жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі