Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев төтенше жағдай орын алған аумақтарға барып, қалыптасқан ахуалмен танысты. Аудан әкімі жауапты мекемелерге су тасқынының салдарын жедел жою, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қажетті шараларды уақытылы орындау жөнінде нақты тапсырмалар берді. Атқарылып жатқан жұмыстардың орындалуы аудан әкімінің тікелей бақылауында.
Нөсерлі жауын-шашын салдарынан Дарбаза ауылдық округіне қарасты Дарбаза және Ердәуіт елді мекендеріндегі тұрғын үйлердің аула аумақтарына су жиналды.
Төтенше жағдайдың салдарын жедел жою мақсатында оқиға орнына жергілікті атқарушы орган мен төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылды. Сонымен қатар, 4 моторлы сорғы (мотопомпа) және 4 бірлік арнайы техника тартылып, тұрғын үйлердің аула аумақтарынан суды сыртқа шығару және аумақты қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Сонымен қатар, су ағыны Дарбаза ауылдық округінен қарасты Ердәуіт елді мекеніне, Дарбаза елді мекеніне 4 моторлы сорғы (мотопомпа), 6 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.
Құркелес ауылдық округіне қарасты Ақүй елді мекеніне жеткен. Жағдайды тұрақтандыру мақсатында келген су ағынын Жаңа Талап елді мекені аумағындағы Қаратұқым қашыртқысы арқылы Сарыүйсін каналына бұру жұмыстары арнайы техникалардың көмегімен жүргізілуде.
Аталған жұмыстарға 7 моторлы сорғы (мотопомпа), 10 бірлік арнайы техника, төтенше жағдайлар қызметінің мамандары, жергілікті атқарушы орган мен аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері жұмылдырылған. Сонымен қатар, аудандық мәслихат депутаттары да жұмыстарға қатысып, ахуалды тұрақтандыруға өз үлестерін қосуда.
Қазіргі уақытта барлық жауапты қызметтердің күшімен су сору, су бұру және қалпына келтіру жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Жағдай тұрақты бақылауда. Ахуалды толық тұрақтандыру мақсатында барлық қажетті шаралар қабылдануда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі