Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Құркелес ауылдық округіне қарасты Алғабас елді мекеніндегі ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесіне байланысты су нысанында көшпелі жұмыс жиынын өткізді.
Айта кетсек, 21 шілде күні аудан басшысы тұрғындарды жеке қабылдап, ауыз суға қатысты көтерілген мәселелерді тыңдаған болатын. Кездесу барысында аудан әкімі мәселенің мән-жайымен танысып, жауапты мекемелермен бірлесіп зерделеу мақсатында келесі күні су нысанына арнайы баратынын айтқан еді.
Бүгін аудан әкімі Алғабас елді мекеніндегі су жинақтау қоймасына барып, нысанның жұмысымен танысты. Жұмыс жиынына ауыз су құрылысын жүргізген мердігер “Корпорация “Силур” ЖШС-і өкілдері, «Қазсушар» РМК «Оңтүстікауызсу» филиалының Сарыағаш өндірістік бөлімшесінің басшысы, аудан әкімінің орынбасары Мұрат Байғабулов, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің мамандары, Құркелес ауылдық округінің әкімі Мейіржан Тұрсынқұлов және тұрғындар қатысты.
Арман Абдуллаев салаға жауапты орынбасары Мұрат Байғабуловқа аталған мәселені тұрақты бақылауда ұстап, салаға жауапты мекемелердің жұмысын үйлестіру, су жүйесінің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және туындаған мәселелерді жедел шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі