САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ БОЙЫНША БЕРІЛГЕН ТАПСЫРМАЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУЫ БАҚЫЛАУДА


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев 2026 жылғы 9 шілдеде өткен тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдау барысында берілген тапсырмалардың орындалу барысын пысықтады.

Алдымен Сарыағаш қаласының тұрғының мәселесі бойынша берілген тапсырманың нәтижесі қаралды. Өтінішке сәйкес Түркістан көшесінің бойында орналасқан Рамадан каналына механикалық тазалау жұмыстары жүргізіліп, арнаның су өткізу қабілеті қалпына келтірілді. Нәтижесінде каналдағы су деңгейі реттеліп, жақын маңдағы тұрғын үйлерге қауіп төндірген жағдай жойылды.

Сонымен қатар, Қабланбек ауылдық округінің тұрғынының өтініші де назарға алынды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімі жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеп, «Су шаруашылығы» бөлімі мен Қабланбек ауылдық округінің әкіміне мәселені қысқа мерзімде шешіп, атқарылған жұмыстар туралы толық ақпарат ұсынуды тапсырды.

Аудан басшысы тұрғындардың өтініштері мен ұсыныстарын сапалы әрі уақтылы орындау жауапты мекемелердің басты міндеті екенін атап өтіп, берілген тапсырмалардың орындалуын тұрақты бақылауда ұстайтынын жеткізді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі