САРЫАҒАШ: СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

САРЫАҒАШ: СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК


Жаз мезгілінде тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және судағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында Сарыағаш ауданының жастары Сарыағаш аудандық прокуратурасы, Сарыағаш аудандық полиция басқармасы және Сарыағаш аудандық төтенше жағдайлар бөлімімен бірлесіп, күндізгі рейдтік-профилактикалық іс-шараларды тұрақты түрде жүргізуде.

Рейд барысында өзен-көлдер мен су айдындарының жағалауында демалушыларға судағы қауіпсіздік талаптары кеңінен түсіндіріліп, рұқсат етілмеген орындарда суға түсуге болмайтыны жөнінде ескерту жасалды. Сонымен қатар ата-аналарға балаларды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмау, қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігі түсіндіріліп, арнайы ақпараттық жадынамалар таратылды.

Профилактикалық іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, судағы жазатайым оқиғалар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Құрметті тұрғындар!

Өз өміріңіз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарап, тек шомылуға рұқсат етілген орындарда ғана суға түсулеріңізді сұраймыз.

Құрметті ата-аналар!

Балаларыңызды су айдындарының маңында қараусыз қалдырмаңыздар. Олардың өмірі мен қауіпсіздігі – әрбір ата-ананың басты жауапкершілігі.

Бірлескен рейдтік-профилактикалық іс-шаралар жаз мезгілі бойы тұрақты түрде жалғасатын болады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі