Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев өндірістік парк аумағындағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылап, жүзеге асырылып жатқан жобалардың орындалу деңгейін зерделеді.
Инвесторлар мен мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, құрылыс нысандарындағы атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Сонымен қатар, жобаларды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтау мәселесіне назар аударды.
Қазіргі таңда өндірістік аймақта орналасқан бес кәсіпкерлік нысанның құрылыс жұмыстары аяқталып, қажетті құрал-жабдықтарды орналастыру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, құрылыс алаңдарында қажетті инфрақұрылымдарды қалыптастыру бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып жатыр.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі