САРЫАҒАШ: КӨПҚАБАТТЫ ЖАТАҚХАНАҒА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

САРЫАҒАШ: КӨПҚАБАТТЫ ЖАТАҚХАНАҒА ЖҮРГІЗІЛІП ЖАТҚАН ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы Шәмші гүлзары көшесінде орналасқан №3 көпқабатты жатақханаға жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

Нысанды аралау барысында аудан басшысы жөндеу жұмыстарының сапасына ерекше назар аударып, сала басшыларына атқарылып жатқан жұмыстарды бақылауда ұстауды тапсырды.

Қазіргі таңда жатақхана ғимаратында ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, ғимараттың дәліздерін әктеу-сырлау,сыртқы қасбеттерін ретке келтіру жұмыстары атқарылып, ортақ пайдалану орындарын ретке келтіру жұмыстары жүзеге асырылуда. Жатақхананы теңгерімінде ұстаушы мекеме “Сарыағаш қызмет” коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі