«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ НЕГІЗІ!» АТТЫ КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

«ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ – ЗАҢ МЕН ТӘРТІПТІҢ НЕГІЗІ!» АТТЫ КІШІ ФУТБОЛДАН ТУРНИР ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

 

Қазақстан Республикасы Конституциясы күні қарсаңында Сарыағаш ауданында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заң үстемдігін дәріптеу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында ауданның мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарының жас қызметкерлері арасында «Жаңа Конституция – Заң мен тәртіптің негізі!» атты кіші футболдан турнир өтті.

Спорттық іс-шараға мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың жас қызметкерлерінен құралған командалар қатысып, жоғары дайындық деңгейін, ұйымшылдық пен командалық бірлікті көрсетті. Турнир барысында қатысушылар спорттық бәсекемен қатар өзара ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайтып, бұқаралық спортты дамытуға өз үлестерін қосты.

Тартысты өткен жарыс нәтижесінде:
🥇 І орын – Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының командасы;
🥈 ІІ орын – Сарыағаш ауданы әкімдігінің командасы;
🥉 ІІІ орын – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Сарыағаш аудандық шекара басқармасының командасы иеленді.

Жарыстың жабылу салтанатында Сарыағаш аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Нұрғали Отаров қатысушыларды құттықтап, Қазақстан Республикасының Конституциясы – құқықтық мемлекеттің берік негізі екенін атап өтті. Сонымен қатар жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң мен тәртіп қағидаттарын сақтау және бұқаралық спортты дамыту – қоғамның тұрақты дамуының маңызды бағыты екенін жеткізді.

Іс-шара соңында жеңімпаз және жүлдегер командалар дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі