Құрметті Сарыағаш ауданының тұрғындары!
Сарыағаш аудандық электр желілері мекемесі жоспарлы жөндеу және құрылыс-монтаж жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2026 жылғы 14 шілде күні бірқатар елді мекендерде электр энергиясын беру уақытша тоқтатылатынын хабарлайды.

10 кВ «Төңкеріс» әуе желісі
Өшіру уақыты: 10:00–17:00
10 кВ «Төңкеріс» әуе желісінде күрделі жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты төмендегі елді мекендерде электр энергиясы уақытша өшіріледі:
* Жартытөбе ауылдық округі – Құрама және Төңкеріс ауылдары;
* Құркелес ауылдық округі – Келес ауылы.

10 кВ «Қапланбек» және «Бәйтерек» әуе желілері
Өшіру уақыты: 10:00–16:00
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің хатына сәйкес «Өндірістік парк» құрылысына 10 кВ әуе желісін тарту жұмыстарының қауіпсіз жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында аталған әуе желілері уақытша ажыратылады.
* Қапланбек ауылдық округі – Сіргелі ауылы;
* Сарыағаш қаласы – Бәйтерек көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлер.
Жоспарлы жұмыстар аяқталғаннан кейін электр энергиясы кезең-кезеңімен қайта қосылады.
Уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұраймыз.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі