Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев инвесторды қабылдап, жобасымен танысты. Кездесу барысында жеке кәсіпкер Нұржан Умаров аудан аумағында ауыл шаруашылығы өнімдерінің көтерме тарату орталығы мен қойма кешенін салуға бағытталған инвестициялық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында инвестициялық жобаны жүзеге асырудың құқықтық және ұйымдастырушылық мәселелері, қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, жер телімін рәсімдеу және мемлекеттік қолдау шараларын пайдалану мүмкіндіктері қарастырылды.
Арман Абдуллаев аудан әкімдігі инвестициялық жобаларды жан-жақты қолдауға әрдайым мүдделі екенін айтып, инвесторлардың бастамаларына заңнама аясында қажетті қолдау көрсетілетінін атап өтті. Осыған байланысты жауапты бөлімдерге жобаны сүйемелдеу жұмыстарын ұйымдастырып, көтерілген мәселелерді қолданыстағы заң талаптарына сәйкес пысықтау жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі