САРЫАҒАШ : АРМАН АБДУЛЛАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

САРЫАҒАШ : АРМАН АБДУЛЛАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады. Ашық форматта өткен қабылдауға 27 тұрғын қатысып, жеке мәселелері мен ұсыныстарын жеткізді. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары мен тиісті сала мамандары қатысты.

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй мәселесі, инженерлік инфрақұрылым, әлеуметтік көмек және өзге де жеке сипаттағы мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, оның мән-жайы жан-жақты талқыланды. Сала басшыларына тапсырмалар берілді. Хаттамаға енгізілді.

Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Сонымен қатар қабылдауға eGov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы немесе аудан әкімдігіне жазбаша өтініш жолдау арқылы тіркелуге болады. Қосымша ақпаратты +7 (72537) 7-97-13 байланыс телефоны арқылы алуға болады.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі