СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ТАЛДАУ ЖҰМЫСТАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

2026 жылдың 29 маусым күні 17:00-де Сарыағаш ауданы әкімі аппаратының басшысы О.Ыбрайдың төрағалығымен Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау жүргізу туралы бекітілген кестесіне сәйкес, Сарыағаш ауданы әкімі аппараты және әкімдікке қарасты дербес бөлімдерге жүргізілген ішкі талдау жұмыстарының нәтижесі талқыланды.
Талдау нәтижесі бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою шаралары (цифрландыру, заң мен қағидаға өзгеріс енгізу жөнінде ұсыныстар енгізу, бақылау мен комиссия құру жөнінде бұйрықтар әзірлеу) қабылданып, алдын алу бағытында профилактикалық жұмыстар тұрақты жүргізу тапсырылды.