
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығының 6 тармағына сәйкес, 2026 жылдың ІІІ-тоқсанына жоспарланған сұранысқа ие мамандықтар тізбесі:
- Білім беру саласы бойынша: Қазақ тілі мен әдебиеті -3 маман, орыс тілі мен әдебиеті – 3 маман, ағылшын тілі– 4 маман ;
- Денсаулық сақтау саласы бойынша: Жалпы тәжірибелі дәрігер – 1 маман, мейіргер – 1 маман;
- Мәдениет саласы бойынша: Музыкалық білім – 1 маман;
- Спорт саласы бойынша: Дзюдо жаттықтырушы – 1 маман;
Әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшері 2026 жылы бір маманға жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада, яғни бір маманға 432 500 теңгеден көтерме жәрдемақы берілу жоспарлануда.
Әлеуметтік қолдау шараларын алу үшін көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі – ЭЦҚ) көмегімен немесе бір реттік парольмен куәландырылған Баспана маркет жылжымайтын мүлік порталында (Бұдан әрі-Портал) otbasybank.kz/program-bank тіркеуді жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті берушіге Портал арқылы мынадай құжаттарды ұсынады:
Әлеуметтік қолдау шараларына қатысуға аталған құжаттарды портал арқылы тапсыру уақыты 2026 жылдың шілде айының 17 күні басталады. Әлеуметтік қолдау шараларын өтінішін жіберу уақыты сағат 09:00-19:00 аралығында яғни жұмыс уақытысында қабылданады.
ҚР Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және қағидаларын бекіту туралы» №72 бұйрығы Қағидасының 6 - тармағына сәйкес, 2026 жылдың ІІІ-тоқсанына білім беру, денсаулық сақтау, спорт саласының, ауылдық округтер әкімдері аппаратының мемлекеттік қызметшілері сұранысқа ие мамандықтардың тізбесі.
|
№ |
Мамандығы |
Саны |
|
1 |
Қазақ тілі мен әдебиеті |
3 |
|
2 |
Орыс тілі мен әдебиеті |
3 |
|
3 |
Ағылшын тілі |
4 |
|
4 |
Жалпы тәжірибелі дәрігер |
1 |
|
5 |
Мейіргер |
1 |
|
6 |
Музыкалық білім |
1 |
|
7 |
Дзюдо жаттықтырушы |
1 |
|
|
Барлығы |
14 |