САРЫАҒАШ: ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

САРЫАҒАШ: ӨНДІРІСТІК ПАРК ҚҰРЫЛЫСЫ КЕЗЕҢ-КЕЗЕҢІМЕН ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

Сарыағаш қаласында өндірістік парк құрылысы кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аталған жоба өңірдің өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға, инвестиция тартуға және жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған.

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс алаңын аралап, атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Аудан әкімі өндірістік парктің өңір экономикасын дамытудағы стратегиялық маңызын атап өтіп, барлық жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.

Қазіргі уақытта бірқатар кәсіпкерлер өндірістік нысандарға қажетті құрал-жабдықтар мен техникаларды жеткізіп, орнату жұмыстарын жүргізуде. Ал кейбір кәсіпкерлер тарапынан өндірістік ғимараттардың құрылыс-монтаж жұмыстары жалғасуда.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі