САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА

САРЫАҒАШ: АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ БАҚЫЛАУДА


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласындағы «Самал-3» шағын ауданын ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған құрылыс жобасының барысын пысықтады.Тексеру барысында құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасы мен орындалу қарқыны қаралып, жауапты тұлғаларға жобаны белгіленген мерзімде және сапалы аяқтау жөнінде тапсырма берілді.

Қазіргі таңда сыртқы су құбыры желілерін тарту жұмыстарының 60 пайызы орындалған. Сондай-ақ 2000 текше метрлік су қоймасының бетондау жұмыстары аяқталып, екінші көтерілімдегі сорғы станциясының құрылысы жалғасуда. Жоба шеңберінде тәулігіне 2000 текше метр су тазарту қондырғысы орнатылатын инженерлік жүйе қарастырылған. Қазіргі уақытта қалдық су жинақтау резервуары мен тазарту қондырғысының қазаншұңқыры қазылып, нығыздау жұмыстары жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі