САРЫАҒАШ:КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КӘРІЗ ТАЗАЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

САРЫАҒАШ:КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КӘРІЗ ТАЗАЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ

САРЫАҒАШ:КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КӘРІЗ ТАЗАЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫСАРЫАҒАШ:КӨКТЕРЕК АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ КӘРІЗ ТАЗАЛАУ КЕШЕНІНІҢ ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫ ПЫСЫҚТАЛДЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Көктерек ауылдық округіне арнайы барып, кәріз тазалау кешенінің құрылыс жұмыстарын аралап, жобаның іске асырылу барысын пысықтады. Аудан басшысы жауапты сала мамандарымен және мердігер мекеме өкілдерімен бірге нысанда жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасы мен орындалу қарқынын талқылап, тұрғындарға сапалы коммуналдық қызмет көрсетуге бағытталған жобаның маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ, сапалы әрі белгіленген мерзімде пайдалануға беру бағытында нақты тапсырмалар жүктеді.

Көктерек кентіндегі кәріз жүйелерін теңгерімде ұстау және пайдалану жұмыстарын Сарыағаш ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Сарыағаш Тұрмыс» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны атқаруда. Қазіргі таңда кенттегі шипажайлар мен тұрғын үйлерден шығатын сарқынды сулар КНС-1 кәріздік сорғы станциясы арқылы диаметрі 400мм болатын құбырмен негізгі буландырғыш бассейнге жеткізілуде. Жобаны жүзеге асырып жатқан мердігер – «Сарыағаш Аман» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Қазіргі уақытқа дейін жалпы ұзындығы 6036 метр кәріз құбыры толық тартылып, бір кәріздік сорғы станциясы мен үш сарқынды су қабылдау камерасы орнатылған. Сондай-ақ төрт биологиялық тазарту резервуарының бетондау жұмыстары аяқталып, олардың ішкі қабырғаларын бетондау жалғасуда. Ұзындығы 455 метр қоршау толық орнатылған. Бұдан бөлек, екі өрт сөндіру резервуарының құрылысы аяқталып, операторлық ғимарат пен қалдық суларды тазалау нысанының іргетасы дайындалуда. Сонымен қатар авариялық жағдайда пайдаланылатын төрт су қабылдау қоймасының құрылысы жүргізілуде.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі