Сарыағаш қаласында орналасқан «Қапланбек» кеден бекеті аумағында көлік ағынын жүйелеу, кептелістердің алдын алу және келушілерге қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда.
Берілген тапсырмалардың орындалу барысы аясында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Қапланбек» кеден бекетінің жұмысымен танысып, аумақтағы инфрақұрылымды жетілдіру, көлік қозғалысын реттеу және қоғамдық қауіпсіздікті күшейту бағытында атқарылып жатқан шаралардың іске асу деңгейіне зерделеу жүргізді.
Қазіргі таңда бекет аумағында бағыттаушы ақпараттық тақтайшалар мен кіреберіс қақпалар орнатылып, көлік қозғалысын реттеуге арналған нұсқаулық белгілер қойылған. Жүргізіліп жатқан жұмыстар бекітілген жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен жалғасын табатын болады.
Осы ретте Сарыағаш қаласының әкімі Айыпхан Ешанқұлға қала аумағындағы санитарлық тазалық жұмыстарын күшейту, инфрақұрылымдық мәселелерді жүйелеу және тиісті жұмыстардың сапалы орындалуын бақылауға алу жөнінде нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, «Евразия» ЖШС-не жүктелген тапсырмаларды уақытылы әрі сапалы орындау қатаң бақылауда болатыны ескертілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі