САРЫАҒАШ: НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: НЕГІЗГІ ИНДИКАТОРЛАРДЫҢ ОРЫНДАЛУ БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен бекітілген индикаторлардың орындалуы бойынша кеңейтілген мәжіліс өтті.

Жиында ауданның 2026 жылдың I жартыжылдығындағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бекітілген индикаторлардың орындалу барысы қаралды. Бұл жөнінде ауданның экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Муратов есеп берді.

Биыл ауданның даму деңгейін бағалау мақсатында 9 бағыт бойынша 103 индикатор бекітілген. Аталған көрсеткіштер өңірдің әлеуметтік және экономикалық салаларындағы даму динамикасын жүйелі түрде бағалауға мүмкіндік береді.

Мәжіліс барысында аудан әкімі тиісті ақпаратты нақты әрі толық ұсынуды тапсырды. Сондай-ақ орынбасарлар мен салалық бөлім басшыларына индикаторлардың орындалуын тұрақты бақылауға алып, жауапкершілікті күшейтуді жүктеді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі