САРЫАҒАШ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

САРЫАҒАШ: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ


Сарыағаш ауданында аудан әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиынға комиссия мүшелері, жауапты сала басшылары мен тиісті мекеме өкілдері қатысты. Отырыстың күн тәртібіне енгізілген екі мәселе қаралды.

Күн тәртібіне сәйкес білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдері және оларды болдырмау бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы аудандық білім бөлімінің басшысы Айсұлу Қалдықараева баяндама жасады. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласының әкімі Айыпхан Ешанқұл өз құзыреті шеңберінде атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді.

Жиынды қорытындылаған аудан әкімі Арман Абдуллаев сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына кері әсерін тигізетін аса қауіпті әлеуметтік құбылыс екенін атап өтті. Мемлекет басшысы айқындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді іске асыру – барлық мемлекеттік органдардың ортақ міндеті екенін айтып, бұл бағыттағы профилактикалық жұмыстарды күшейту, ашықтық пен есептілікті қамтамасыз ету, сондай-ақ жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуді тапсырды.

Сондай-ақ, жауапты сала басшыларына заң талаптарының сақталуын қатаң бақылауда ұстап, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша нақты ұйымдастырушылық және түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде бірқатар нақты тапсырмалар берілді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі