ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАДЫ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРДЫ ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАП, ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ТЫҢДАДЫ


Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров облыс тұрғындарын кезекті жеке қабылдауында қабылдап, азаматтардың ұсыныс-пікірлері мен өзекті мәселелерін тыңдады. Қабылдауға келген тұрғындар инфрақұрылым, жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және мәдениет салаларына қатысты бірқатар өтініштерін жеткізіп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Қабылдау барысында Түркістан қаласының тұрғыны облыс орталығына кіреберісте салынуы жоспарланған көпірдің жобасын таныстырды. Сондай-ақ, бірқатар азаматтар тарапынан облыстық қуыршақ театрын ашу, каналдардың ішкі жүйелерін жөндеу, заңсыз құрылыстарды реттеу, жер пайдалану құқығын қарастыру және жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту, сондай-ақ ауыз су мәселелері көтерілді.

Облыс әкімі Нұралхан Көшеров көтерілген мәселелерді жауапты сала басшыларына жан-жақты зерделеп, заң талаптарына сәйкес шешу жолдарын қарастыруды тапсырды. Сонымен қатар, әрбір өтініш пен ұсыныс назардан тыс қалмайтынын және олардың орындалуы жеке бақылауда болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, қабылдау барысында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев бейнебайланыс арқылы қосылып, тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерге қатысты түсініктеме беріп, тиісті жауаптарын ұсынды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі