Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау полковнигі Асқар Сейсеновпен аудан аумағында өрт сөндіру бекеттерін салу мәселесі бойынша кездесу өткізді.
Жиынға аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі, №14 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Нұрбек Әбенов және жер қатынастары бөлімінің басшысы Бақытсейіт Әуезов қатысты.
Кездесу барысында аудан аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту және елді мекендердің қауіпсіздік деңгейін арттыру мақсатында жаңа өрт сөндіру бекеттерін салу қажеттілігі талқыланды. Сонымен қатар, өрт сөндіру бекеттерін орналастыруға қолайлы аумақтарды айқындау мәселесі жан-жақты қарастырылды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі