Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен кезекті аппараттық мәжіліс өтіп, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Жиынға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары, қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде жұмыспен қамту шараларының орындалуы мен алдағы жоспарлар, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының жай-күйі, сондай-ақ қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы бейнебақылау жүйелерінің дамуы мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша Аудандық Мансап орталығының директоры Ақмарал Әуезова баяндама жасап, атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттерге тоқталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы бойынша Жанболат Байболов аудан аумағындағы тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарының орындалу барысын баяндады. Ал «Сарыағаш-Қызмет» КММ директоры Мақсат Кукубаев бейнебақылау жүйелерінің қазіргі ахуалы мен оларды кеңейту жоспары жөнінде ақпарат берді. Сонымен қатар экономика және қаржы бөлімінің басшысы Азамат Мұратов ауданның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері мен бюджет қаражатының игерілуі туралы есеп ұсынды.
-Ауданның тұрақты дамуы – барлық сала жұмысының сапалы үйлесіміне байланысты. Сондықтан әрбір көрсеткіштің орындалуы қатаң бақылауда болып, жоспарлы жұмыстар уақытылы әрі сапалы атқарылуы тиіс, – деді Арман Абдуллаев.
Мәжіліс соңында аудан басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар жүктеп, белгіленген міндеттердің орындалуын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Қаралған мәселелер бойынша хаттамалық тапсырмалар рәсімделіп, тиісті мерзімдер бекітілді.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі