АРМАН АБДУЛЛАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

АРМАН АБДУЛЛАЕВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ТАЛАП-ТІЛЕКТЕРІН ТЫҢДАДЫ

 

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың мәселелерін тыңдады. Ашық форматта өткен қабылдауға 14 тұрғын қатысып, жеке мәселелері мен ұсыныстарын жеткізді.

 

Қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үй мәселесі, инженерлік инфрақұрылым, коммуналдық қызметтердің жұмысы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару қызметіне төленетін ақы және өзге де жеке сипаттағы мәселелерді көтерді. Әрбір өтініш мұқият тыңдалып, оның мән-жайы жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар, Арман Абдуллаев  аудан әкімі ғимараттың бірінші қабатына арнайы түсіп, ерекше қажеттілігі бар азаматты жеке қабылдап, оның өтінішін тыңдады.

 

Азаматтарды қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлімдердің басшылары мен жауапты сала мамандары қатысып, тұрғындардың сауалдарына нақты жауаптар берді. Кейбір мәселелер бойынша қолданыстағы заңнама аясында түсіндіру жұмыстары жүргізілсе, бірқатар өтініштер бойынша жауапты мекемелерге нақты міндеттер жүктелді.

 

Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу аудан әкімі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Қабылдауға eGov.kz порталы, e-Otinish бірыңғай платформасы немесе аудан әкімдігіне жазбаша өтініш жолдау арқылы тіркелуге болады. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: +7 (72537) 7-97-13.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі