«Алтын күз-2020» мерекелік шарасында ауыл шаруашылығы саласының жұмысы қорытындыланып, ерте көктемнен қара күзге дейін тер төккен шаруалардың еңбегі еленіп, марапатталды.
Бүгін облыс орталығы Түркістан қаласында өткен "Алтын күз-2020" мерекелік шарасында Сарыағаш ауданы "Көкөніс өндіруден озат және жылыжай шаруашылығын дамытудан" озат аудан номинациясымен марапатталды. "Не ексең, соны орасың" демекші, бұл марапат әрине ауданымыздағы шаруалардың бірігіп, тынымсыз атқарған адал еңбегінің нәтижесі.