САРЫАҒАШ: АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: АҒЫН СУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ағын су мәселесіне қатысты жауапты мекеме өкілдерімен жиын өткізді. Кездесуге «Дербісек су» ӨК құрылтайшысы С. Шонабаев пен «Су шаруашылығы» МКК басшысы қатысты.

Жиында Жемісті және Дербісек ауылдық округтерінің аумағын кесіп өтетін №53 тармақ каналының жағдайы мен ағын сумен қамтамасыз ету мәселесі талқыланды. Ұзындығы 9,8 шақырымды құрайтын каналдың бойында суармалы егістік алқаптары мен бірқатар шаруа қожалықтары орналасқан.

Кездесу барысында су бөлу жұмыстарын тиімді ұйымдастыру, каналдың қалыпты жұмысын қамтамасыз ету және туындаған мәселелерді шешу жолдары қарастырылды.

Аудан әкімі жауапты тұлғаларға нақты тапсырмалар беріп, олардың сапалы әрі уақытылы орындалуы тұрақты бақылауда болатынын ескертті.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі