САРЫАҒАШ:  ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ КҮЗЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ НЫСАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

САРЫАҒАШ:  ГАЗ ҚҰБЫРЫНЫҢ КҮЗЕТ АЙМАҒЫНДАҒЫ НЫСАНДАРҒА ҚАТЫСТЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ӨТІНІШТЕРІ ҚАРАЛДЫ

 

 

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов пен Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «Интергаз Орталық Азия» АҚ-ның «Шымкент» магистральдық газ құбырының күзет аймағында орналасқан нысандарға қатысты мәселелер бойынша Сарыағаш қаласының тұрғындарын қабылдады.

 

Zoom платформасы арқылы өткен қабылдауға тиісті сала мамандары мен жауапты мекеме өкілдері қатысып, тұрғындар тарапынан көтерілген өзекті мәселелер талқыланды. Қабылдау барысында магистральдық газ құбырының күзет аймағында орналасқан тұрғын үйлер мен өзге де нысандардың құқықтық мәртебесі, қауіпсіздік талаптары және қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешу жолдары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

 

Облыс әкімінің бірінші орынбасары мен аудан әкімі азаматтардың өтініштері мен ұсыныстары назардан тыс қалмайтынын атап өтіп, тұрғындармен ашық диалог орнату және өзекті мәселелерді кезең-кезеңімен шешу жұмыстары жалғасатынын жеткізді. Сонымен қатар жауапты мекемелерге көтерілген мәселелерді заң талаптарына сәйкес зерделеп, тиісті шаралар қабылдау жөнінде тапсырмалар жүктелді.

 

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі