1 шілдеден бастап абаттандырудың жаңа қағидалары күшіне енеді.

1 шілдеден бастап абаттандырудың жаңа қағидалары күшіне енеді.


Үйге іргелес аумақта қоқыс, құрылыс қалдықтары, арамшөп пен қураған шөптің жиналуына жол берілмеуі тиіс.

Ал айыппұл мөлшері құқық бұзушылықтың нақты бабына байланысты анықталады.

Жеке тұрғын үй иелері өз үйлеріне іргелес аумақтың тазалығын қамтамасыз етуге міндетті.

Қоқыс, құрылыс қалдықтары, қураған шөп, арамшөп және ұзақ уақыт сақталған заттар ортақ пайдаланудағы аумақта жиналмауы тиіс.

Негізі:
Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 3 маусымдағы бұйрығы.

Бірақ маңызды нюанс бар: «әр үйдің дәл 5 метр жеріне міндетті түрде айыппұл салынады» деген норма құжатта тікелей жазылмаған. Ресми түсіндірмелерде әңгіме іргелес аумақты күтіп ұстау және қоқыс пен заттарды үйіп сақтамау туралы болып отыр.