САРЫАҒАШ: ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ВЕТЕРИНАРИЯЛЫҚ БЕКЕТТЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС БАРЫСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудан аумағында салынып жатқан ветеринариялық бекеттердің құрылыс жұмыстары бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Жиынға Түркістан облыстық ветеринария басқарма басшысының орынбасары Қайырбек Мейірманов, жауапты бөлім басшылары мен сала мамандары қатысты. Кеңес барысында ветеринариялық бекеттер құрылысының қазіргі жай-күйі, атқарылған жұмыстар және алдағы міндеттер талқыланды.

Кеңес қорытындысында тиісті сала басшыларына ветеринариялық бекеттердің құрылысын уақытылы аяқтау бағытындағы жұмыстарды жандандыру жөнінде міндеттер жүктелді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі