
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Түркістан облыстық мәслихатының бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысына қатысып, ауданның 2025 жылы атқарған әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша есеп берді.
Жиында ауданның негізгі салаларында қол жеткізілген нәтижелер, жүзеге асырылған жобалар мен алдағы даму бағыттары жан-жақты қарастырылды.
Комиссия мүшелері тарапынан ұсыныстар айтылып, ауданның одан әрі дамуына қатысты бірқатар тапсырмалар мен бағыттар айқындалды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі