Сарыағаш ауданында ауыл шаруашылығы саласын, оның ішінде мал шаруашылығын дамытуға бағытталған жобалар кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Осы мақсатта, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев «KZ-21» мал бордақылау алаңының өндірістік үдерістермен танысты.
Аудан басшысы шаруашылықтың қазіргі жағдайын көріп, кәсіпорын ұжымымен пікір алмасты. Мал шаруашылығын дамыту, өндіріс көлемін ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу бағытындағы бастамалардың маңыздылығына тоқталды.Сонымен қатар, шаруашылығы саласының аудан экономикасындағы стратегиялық маңызын атап өтіп, осындай инвестициялық жобалардың қолдауға ие болатынын және алдағы уақытта да жүйелі түрде дамытыла беретінін жеткізді.
Құркелес ауылдық округіне қарасты Келес елді мекеніндегі орналасқан кәсіпорын 2021 жылы іске қосылған. Кәсіпорынның жалпы сыйымдылығы 2000 бас ірі қара малға арналған Қазіргі уақытта мұнда 1000 бас қазақтың ақбас тұқымды ірі қара малы бордақылануда. Шаруашылық директоры – Қайрат Тастанбеков. Кәсіпорында 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Малдарды күтіп-бағу, азықтандыру және ветеринариялық бақылау жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуде. Өндірілген ет өнімдері ішкі нарыққа өткізіліп отыр.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі