Өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін арттыруға бағытталған стратегиялық маңызы бар «Дарбаза–Мақтаарал» теміржол желісінің құрылысы жоспарға сәйкес қарқынды түрде жүзеге асырылуда.
Осыған орай, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан аумаққа барып, жобаның орындалу барысымен танысты. Аудан басшысы нысандағы жұмыс қарқынын бақылап, жауапты мамандармен және мердігер мекеме өкілдерімен кездесті.
Қазіргі таңда Сарыағаш ауданы аумағында аталған жоба аясында «Ердәуіт» теміржол станциясының құрылысы жүргізілуде. Нысанда жер жұмыстары, инженерлік инфрақұрылымдарды тарту және құрылыс-монтаждау жұмыстары кезең-кезеңімен атқарылуда. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі