САРЫАҒАШ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

САРЫАҒАШ: БІЛІМДІ ҰРПАҚ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ


Сарыағаш ауданы әкімінің орынбасары Нұрполат Талипов №1 М. Әуезов атындағы гимназия мектебінің бітіруші түлектеріне аттестат табыстау салтанатты іс-шарасына арнайы қатысты.

Салтанатты жиында сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары мектеп бітіруші түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтап, олардың алдағы қадамдарына сәттілік пен толағай табыс тіледі. Сондай-ақ, еліміздің болашағы білімді де білікті жастардың қолында екенін атап өтіп, түлектерге үлкен сенім білдірді.

Іс-шара барысында Нұрполат Талипов оқуын үздік аяқтаған түлектерге ерекше үлгідегі аттестаттарды және «Алтын белгі» төсбелгілерін салтанатты түрде табыстады. Сонымен қатар, жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беруде аянбай еңбек еткен ұстаздар қауымына және бала тәрбиесіндегі қажырлы еңбегі үшін ата-аналарға алғысын жеткізді.

Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасып, түлектер мен олардың ата-аналарына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Бұл күн мектеп қабырғасымен қоштасып, үлкен өмірге қадам басқан жас түлектер үшін есте қаларлық ерекше сәттердің біріне айналды.

Жиын соңында түлектерге жарқын болашақ, биік белестер мен жаңа жетістіктер тілеп, ақ жол айтылды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі