САРЫАҒАШ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБА ТАЛҚЫЛАНДЫ

 

Ел экономикасының тұрақты дамуы мен өңірлердің әлеуетін арттыруда инвестиция тартудың маңызы ерекше. Осы бағыттағы жұмыстарды жүйелі жүзеге асыру мақсатында Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев ауданға инвестиция салуға ниетті кәсіпкерлермен кездесті.

Кездесу барысында кәсіпкерлер эфир майларын өндіруге бағытталған өндірістік кешен ашу жөніндегі жобаларын таныстырып, оның жүзеге асу мүмкіндіктері туралы баяндады. Өз кезегінде аудан басшысы өндіріс орындарын дамытуға қолайлы жағдайлар жасалып жатқанын атап өтіп, инвесторларға аудан аумағындағы «Өндірістік парк» пен «Дарбаза» индустриалды аймағының мүмкіндіктерімен танысуды ұсынды.

Кездесу барысында жобаның экономикалық тиімділігі, өндірістік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету және алдағы ынтымақтастық мәселелері жан-жақты талқыланды. Аудан әкімі кәсіпкерлік бастамаларды қолдауға әрдайым басымдық берілетінін айтты. Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Алайдар Амирхановқа көтерілген мәселелер бойынша нақты міндеттер жүктеліп, атқарылатын жұмыстардың орындалу барысы жөнінде мерзімді түрде баяндап отыру тапсырылды.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі орысша перевод