САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

САРЫАҒАШ: ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев 32 тұрғынды жеке мәселелерімен қабылдап, өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады. Қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары және жауапты сала мамандары қатысып, көтерілген мәселелердің шешу жолдарын қарастырды.

Қабылдау барысында тұрғындар әлеуметтік, коммуналдық , жер қатынастары, және өзге де мәселелер бойынша өз сауалдарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Әрбір өтінішке жеке тоқталып, заңнама талаптарына сәйкес тиісті түсіндірулер берілді.

Аудан басшысы тұрғындардың көтерген мәселелерін мұқият тыңдап, олардың әрқайсысының маңыздылығын атап өтті. Жедел шешуді талап ететін мәселелер бойынша жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар жүктеліп, орындалу мерзімдері белгіленді.

Айта кетсек, аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу Сарыағаш ауданы әкімдігі аппаратының жалпы және әкімшілік бөлімі арқылы жүзеге асырылады. Азаматтар сондай-ақ eGov.kz порталы, e-Otinish платформасы немесе жазбаша өтініш беру арқылы қабылдауға тіркеле алады. Қосымша ақпарат үшін байланыс телефоны: +7 (72537) 7-97-13.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі