
Сарыағаш қаласындағы «Дене шынықтыру-сауықтыру және спорт кешенінде» «Спорт – нашақорлыққа қарсы!» ұранымен жасөспірімдер арасында бокстан ашық біріншіліктің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жарыс 2026 жылдың 15–19 маусым аралығында жалғасады.
Салтанатты іс-шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев пен аудандық мәслихат төрағасы Рысбек Асылбекұлы қатысып, жас спортшыларға сәттілік тіледі.
Біріншілікке Арыс, Кентау, Келес, Шымкент, Қазығұрт, Жетісай, Түркістан, Ордабасы өңірлерінен, сондай-ақ Алматы, Тараз, Ақтау, Шардара, Мақтаарал қалалары мен аудандарынан және Өзбекстан Республикасынан келген командалар қатысуда.
Аталған спорттық жарыс жасөспірімдер арасында бұқаралық спортты дамытуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және жас боксшылардың шеберлігін арттыруға бағытталған маңызды спорттық іс-шара болып табылады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі