САРЫАҒАШ: ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

САРЫАҒАШ: ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЖАҢА СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ


Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Қызылжар ауылдық округінде салынып жатқан жаңа спорт кешенінің құрылыс жұмыстарымен танысты. Жауапты тұлғаларға құрылысты белгіленген кестеге сәйкес жүргізуді тапсырды.

Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан нысанның қазаншұңқырын қазу және іргетасын құю жұмыстары толық аяқталған. Бүгінде ғимараттың қабырғаларын кірпішпен қалау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Жаңа спорт кешенінің пайдалануға берілуі ауыл тұрғындарының спортпен тұрақты шұғылдануына мүмкіндік беріп, бұқаралық спортты дамытуға және салауатты өмір салтын насихаттауға оң ықпал етеді.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі