
26 маусым – Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай Сарыағаш қаласындағы «Мамыр ата» спорт кешенінде Сарыағаш аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен «Жастар есірткіге қарсы» атты облыстық кіші футбол турнирі өтті.
Аталған турнирдің мақсаты – жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыру, спортпен шұғылдануға ынталандыру және аудан-қалалар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайту.
Жарысқа Түркістан облысының аудан-қалаларынан келген жастар командалары қатысып, өзара тартысты ойын өрнегін көрсетті. Әр команда жеңіске деген жігерін танытып, жоғары дайындық деңгейін дәлелдеді.
🏆 Жарыс қорытындысы бойынша:
🥇 І орын – Сарыағаш ЖРО командасы
🥈 ІІ орын – Мақтаарал ЖРО командасы
🥉 ІІІ орын – Қазығұрт ЖРО командасы
Турнир барысында ерекше ойын үлгісін көрсеткен қатысушылар «Үздік ойыншы», «Үздік қақпашы», «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік жартылай қорғаушы» номинациялары бойынша арнайы марапаттарға ие болды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді Сарыағаш аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрғали Отаров құттықтап, дипломдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі