Сарыағаш қаласындағы теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстары қарқынды түрде жалғасуда. Ел игілігіне қызмет ететін маңызды инфрақұрылымдық нысанның құрылыс барысын аудан әкімі Арман Абдуллаев арнайы аралап, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.
Жұмыс сапасы мен құрылыс қарқынын бақылаған аудан басшысы мердігер мекеме өкілдерімен кездесіп, нысанның белгіленген мерзімде әрі жоғары сапада пайдалануға берілуінің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ вокзалдың заманауи талаптарға сай болуы, қауіпсіздік талаптарының толық сақталуы және жолаушыларға қолайлы жағдай жасалуы басты назарда болуы тиіс екенін жеткізді.
Қазіргі таңда нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Атап айтқанда, кірпіш қалау және бетон құю жұмыстарын атқаруда. Жобаның тапсырыс берушісі – «Қазақстан Темір Жолы» АҚ. Қайта жаңғырту жұмыстарын «Bold Construction Group» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі