САРЫАҒАШ: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ТЕРРОРИЗМГЕ ҚАРСЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНДА ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның кезекті отырысы өтті.
Жиынға құқық қорғау органдарының, Шекара басқармасының, кеден бекеттерінің, қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің, төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары, сондай-ақ қала және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Комиссия отырысында терроризм мен экстремизм белгілері бар саяси-қоғамдық тұрақсыздандыру фактілеріне жол бермеу шаралары кеңінен талқыланды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі ретінде террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйі, қауіпсіздік талаптарының сақталу деңгейі және анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұсыныстар талқыланды. Жауапты мекемелерге қауіпсіздік шараларын күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктелді.
Сондай-ақ, облыстық және аудандық терроризмге қарсы комиссияларының, комиссия жанындағы жұмыс топтарының отырыстарында қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалу барысы тыңдалды.
Отырыс барысында тұрғындар арасында діни сауаттылықты арттыру, деструктивті діни ағымдардың алдын алу және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтау, этносаралық келісімді нығайту және терроризмге қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруды тапсырды.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі