Сарыағаш ауданында су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсарту және ирригациялық жүйелердің тиімділігін арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Аудан басшысы Арман Абдуллаев Жартытөбе ауылдық округі аумағынан өтетін Ашынау қашыртқысын механикалық тазалау жұмыстарының барысын пысықтады. «Су шаруашылығы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының басшысына нақты тапсырмалар жүктеді.
Қазіргі таңда аталған кәсіпорын тарапынан қашыртқының 5,1 шақырымы механикалық әдіспен тазартылды. Жалпы жоспарға сәйкес, 17,5 шақырым аумақты қамтитын тазалау жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Жұмыстар арнайы техника көмегімен орындалуда.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі