САРЫАҒАШ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

САРЫАҒАШ: ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Сарыағаш ауданында тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту және жаңа жұмыс орындарын құру бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда. Осы мақсатта аудан әкімі Арман Абдуллаев Қабланбек, Қызылжар және Жартытөбе ауылдық округтерінде кәсіпкерлермен және шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесу өткізді.

 

Кездесу барысында өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы қаралып, еңбек нарығындағы өзекті мәселелер мен алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер кеңінен талқыланды. Сондай-ақ халықты нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған тетіктер мен жұмыс берушілердің жауапкершілігі сөз болды. Еңбек заңнамасының талаптары, соның ішінде міндетті зейнетақы жарналарының уақтылы төленуі және қызметкерлердің әлеуметтік құқықтарының сақталуы бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

Жиынға аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, «Мансап» орталығының, білім бөлімінің мамандары және ауылдық округ әкімдері қатысты.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі